Алайда ел басшысы тұрғындарды үрейге бой алдырмауға шақырды. Өйткені, ойындар өтетін он қаладағы жанкүйерлердің қауіпсіздік қамы үшін 90 мың арнайы қызметкер жұмылдырылған. Еске сала кетейік, өткен жылдың қарашасында Парижде болған қанды қырғыннан бері Францияда әлі күнге дейін қауіп сейілген емес.
Франсуа Олланд, Франция президенті: - Террорлық шабуыл кез келген уақытта болуы мүмкін деген қауіп әлі біразға дейін сақталатын түрі бар. Алайда біз футболдан Еуропа чемпионатын сәтті өткізу үшін бар күшімізді саламыз.