Тест екі жолақты көрсетсе - ет харам

Ол аста исламда тыйым салынған доңыз етінің бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді.

Жүктілікті анықтайтын тест сияқты, мұнда да екі жолақ бар. Бір жолақ - тыйым салынған қоспаның жоқтығын, екі жолақ - бар екенін білдіреді. Тестілеу үшін  жылы су құйылған стақанға өнімнің бір бөлшегін салып, біраздан соң анықтайтын жабдықты суға малу қажет.

Компанияның негізін қалаушы Абдеррахман  Шауидің айтуынша, алжирде шыққан тест этикетте қоспалары жазылмаған тағамды сатып алған кезде аса пайдалы екенін айтты. Әрі сапарға шыққанда, мейрамханада тамақтанған кезде өте пайдалы.

Бір данасының құны  6,9 еуро, орамасы 125 еуро.


Құранда халалға жатпайтын тағамдар тізбесі бар. Оған шошқа еті, өлген малдың еті, қағида бойынша сойылмаған мал еті және т.б. жатады.