М.Пернебаевтың жеке есепшотына сөйтіп, 250 мың теңгелік грант аударылды. Грант шарты бойынша ол жоғарғы оқу орнында оқу барысында ай сайын шәкіртақы түрінде 5 мың теңге алып отыруға құқылы.
Сондай-ақ, облыс әкімінің хабарлауынша, М.Пернебаев оқыған №66 мектепті күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінеді. Қаланың шеткері ауданында орналасқан бұл мектеп элиталық мектептер санатында емес.
Шымкенттегі №66 орта мектептің түлегі М.Пернебаев математика пәнінен облыстық олимпиадалардың жеңімпазы, ол "ХХІ ғасыр көшбасшысы" республикалық сайысына қатысып, 150 доллар грантқа ие болған.
Қазір Мақсат өзі түсетін жоғарғы оқу орнын әлі де таңдай қойған жоқ. Таңдау бірақ математика немесе кибернетика мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазМУ немесе Қазақ-Британ университеттерінің біріне түсуі мүмкін.