Бұл туралы ол "Abay live" YouTube бағдарламасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Ересек ер адамдар арасында тез бітіріп қоятын аурулар көп. Ол жетілген, үйленген еркектерде де жиі кездеседі. Жыныстық қатынас уақыты өте тез, 1 минутқа да бармайды. Оның себептері де көп. Ең көп тараған себебі - жыныстық қатынастың тұрақты түрде болмауы. Оның себебі көп еркектер азаннан кешке дейін жұмыста жүреді де өздеріне уақыт қалмайды. Уақыт қалса да, тез болып кетеді. Еркектің организмі тоқтамайды, күні-түні жұмыс істейді. Бір рет жыныстық қатынас болса, келесіне дейін уақыт тез өтіп кетеді. Сол кезде уақытында болмаса, артықша болады. Солай простата жиналып қалса, застойный простатит болады. Ол 100% хронический простатитке алып келеді" , - дейді ол.
Маман бұл аурулардың қалай алдын-алуға болатынын да атап өтті.
"20 жастан 30 жасқа дейін аптасына кем дегенде 4-5 рет жыныстық қатынасқа түсу керек. Біреулер 10 рет болуы да мүмкін. Жалпы ұзақтығы аптасына 30-40 минут болу керек. Жас ұлғайған сайын оның азайып немесе көбеюі тестостеронға байланысты болады", - дейді Максет Рыспаев.