Тез дайындалатын кеспе өмірге қауіп төндіруі мүмкін

Бұл, бірінші кезекте жүрек пен басқа да диабет пен инсульт сияқты аурулардың  даму қаупін арттырады. Бұл туралы Day.Az хабарлады.

Зерттеуді басқарған дәрігер Шиннің айтуынша, тез дайындалатын лапша мен рамэн әйелдердің денсаулығына күрделі залал келтіруі мүмкін.

Азия елдерінде жапон сорпасын көп тұтынатындықтан, зерттеу әлемде тез дайындалатын кеспені ең көп пайдланатын ел - Оңтүстік Кореяға бағытталды. Соңғы жылдары осы ел халқының денсаулығында көптеген қиындықтар байқалуда, соның ішінде жүрекпен байланысты ауруларға шалдыққандар бар, ересектердің көбі артық салмақтан зардап шегеді. Сондықтан да Шин кеспені денсаулыққа әсерін зерттеу қажет деп шешкен.

Тез дайындалатын кеспелерде басқа да өңделген азық-түліктердегі сияқты тұз көп. Белгілісі, одан келетін жүрек аурулары мен инсульт қаупі жоғары. Дәрігердің анықтауынша, көбіне тез дайындалатын кеспені жиі пайдаланатын әйелдердің денсаулығынан ақаулар шығып жатады.