ТГИЛ содырлары 300 адамды өлім жазасына кесті (ВИДЕО)

Олардың кемінде елуі - әйел адам. Экстремистердің қолынан қаза тапқандардың барлығы бірдей Ирактың жоғарғы сайлау комиссиясының қызметкерлері болған. Радикалдар бір топ адамды атып өлтіріп, кейін туған-туыстарына жақындарынан айырылғаны туралы мәлім еткен. Бірақ «сатқындар мен кәпірлер» деген айыппен ату жазасына кескен құрбандарының денесін туысқандарына бермепті. Айта кетейік, таяуда Ирак билігі бір ғана Мосул қаласында содырлардың 2 мың бейбіт тұрғынын өлім жазасына кескенін мәлім еткен болатын. Аталған шаһар былтырдан бері лаңкестердің бақылауында.