Кейбір оқырман Сұлтанқызын “тоқалы” деп топшыласа, тележүргізушінің қайын сіңлісі екеуінің неке қию туралы куәлігін жариялап, бүкіл өсекке нүктесін қойды.
Жеке парақшасында әлі де жолдасы екеуінің суреттерін жүктеп жүрген Ләйлә Сұлтанқызы оқырманның: «неге осыған дейін салмадыңыз», - деген сұрағына: «Бір үйге бір “звезда” жетеді, мені жиі салмашы деп өтінетін. Қалауын құрметтедім», - деп жауап берді.
Сұлтанқызы марқұм күйеуін қалай сүйгенін, құрметтегенін, сондай-ақ, Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы Қайрат Беркінбаевтың сүйікті әрі адал жары болғанын желі оқырмандары жарыса жазуда.
Одан бөлек, өнер жұлдыздары да тележүргізушінің қайғысына ортақтасып, тың ақпараттармен бөлісті