Бүкірейіп отырғаннан адам ағзасы өзіне қажетті дүниелерді дұрыс ала алмайды. Қан айналымы әлсіреп, миға ауа толық жетпей, бас ауырады. Ас қорыту жүйесі де сыр беріп, ұйқы басады. Ондайда адам терең тыныстап дем ала алмайды. Осыдан кейін, адам күйзеліске ұшырап, мінезі бұзылады. Әрине, ер адамның да қуаты кемиді. Осыны әбден саралаған зерттеушілер 72 адамды екі топқа бөліп, зерттеу жүргізеді.
Сынақ уақытында олардың бірі әдеттегідей жұмыста еңкіш тартып отырса, екінші топ арқасын тік ұстап отыратын болады. Нәтижесінде омыртқасын түзу ұстағандардың еңсесі көтеріліп, бойында қуат артқанын сезген. Ал, бүкірейген топ ауырлық басқан күйі сол баяғы қалыптарынан артық еш өзгеріс сезбегенін айтады және олардың 92 пайызынан тік отырмағандықтың кесірінен ойы шабан тартып, белсенділік аз болатынын білдірткен.
Ғалымдар айтуынша, арқаны тік ұстау талай аурудың алдын алады.