Бағдарлама барысында қатысушылар көпшілікке белгілі болды. Оларды бірі жек көрсе, бірі жақсы көреді.
Ең атышулы жобаның қатысушылары өмірде қандай? Теріс пікірлерге жауап бере ме? Жоба шынайы ма?
Осы және өзге де сұрақтарға бағдарлама қатысушылары журналист Ғалымжан Сәңкібаевқа жауап берді.
Тікелей эфирде қыздардың сезімімен ойнап, басы бәлеге қалған жоба қатысушысы Бекболат Жолдасов өз шындығын айтып берді.
"Қызбен жақсы жарассам, мен оны жібере салмаймын. Біздің арамызда ешқандай сезім болған жоқ. Әлгі қызбен айырылыстым, одан кейін қайта қосылдым, негізі оған қосылмауы керек еді деп ойлаймын. Осыған дейін маған 6 үмкіткер келді, көп келгенін қаламаймын. Менің ойымдағы ару келіп, тезірек үйленгенді қалаймын", - деп жауап берді жоба қатысушысы.
"Qalayym Live" жобасындағы ең тәтті жұптың ара-қатынастары қазір мәз емес, оған не себеп? Бұл сұраққа ғашықтардың өздері жауап берді.
Әлімжан: Мен Оңтүстіктен болғаннан кейін, кіші жүз болғаннан кейін Гүлнарды көп нәрседен тыямын. Қай қазақта көрдік әйел адамның қысқа кигенін. Заман өзгерді деп, адам өзгермеу керек сияқты. Гүлнардың анасы мені көбінесе құптайды. "Әйел адам бәріне төзу керек, оның өзің тәрбиелеп ал", - деп айтады Гүлнардың анасы.
Гүлнұр: Менің анам білмеймін, Әлімжанды қатты жақсы көреді. Әлімжан "мен жұлдызбын сен кімсің?", - дегендей қылды, мен соған қатты ренжідім. Анам маған хабарласып, "сен кімсің?", - деді. "Сенің арқаңда көтеріліп жүр", - деген сөз үшін ол сенен бас тартуы мүмкін, құрбыларыңның сөзіне олай мән берме деді. Содан кейін, өз- өзіме келіп, жігітімнен кешірім сұрадым.
Шашын тікелей эфирде тақырлатып алып, әрдайым фактпен сөйлейтін Ұлдана Ерқасымның өз айтары бар.
"Мен ойымды ашық айтатын адаммын. Шашымды өзімнің сөзімде тұра алатынымды дәлелдеу үшін алдым. Батыстың қыздары батыр келеді, менің шашым жараса ма, жоқ па оны да ойлаған жоқпын. Алғым келді, алдым", - деп жауап берді бағдарлама қатысушысы.