TikTok баяу істеп тұр - министр кеңес берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев TikTok-қа кіргенде VPN-ді пайдаланбауға кеңес берді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, VPN арқылы кіргенде TikTok-тың жұмысы қиындауы мүмкін.

"Себебі IP-адрес өзгертіледі. Ондайда қазақ тілді және орыс тілді контенттің модераторлары трафикті жылдам анықтай алмайды. Біздіңше, VPN қолданғанда TikTok жұмысы қиындап кетеді", - деді Мәдиев мәжілісте өткен брифингте.

Ал, интернет жағынан ешқандай ақаулық жоқ.

"TikTok-тың жұмысына әсер ететіндей интернетпен проблема байқап отырған жоқпыз", - деді министр.

Осы орайда Мәдиев TikTok трафигіне басқа мемлекеттік орган-мәдениет және ақпарат министрлігі жауап беретінін де еске салды.