Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда, TikTok "Отбасылық баптаулар" бөлімінде ата-аналарға жасөспірімдердің қосымшаға қолжетімділігін белгілі бір уақыт аралығында шектеуге мүмкіндік беретін жаңа функцияны іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, платформа сағат 22.00-ден кейін TikTok-ты пайдаланатын жасөспірімдердің назарын аударып, тынығуына көмектесетін жаңа мүмкіндікті іске қоспақ.
"Отбасылық баптаулардың" қосымша функцияларыTikTok-тағы ата-аналардың бақылау жүйесінің бір бөлігі болып табылатын "Отбасылық баптаулардың" іске қосылғанына бес жыл болды. Осы жылдар ішінде ата-аналардың кері байланысы мен сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып, TikTok жаңа функцияларды бірнеше рет еңгізіп отырды. Бұл жолы TikTok қолданбасының әзірлеушілері "Демалыс" деген жаңа функцияны қосты. Ол қосымшаны белгілі бір уақытқа бұғаттауға мүмкіндік береді", - деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.