Caravan Logo

TikTok-тағы ойыннан балалардың суицид жасап жатқаны рас па?

TikTok-тағы ойыннан балалардың суицид жасап жатқаны рас па?

Оқиғаның рас-өтірігі анықталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Stopfake.kz -  ке сілтеме жасап.

Ер адамның айтуынша, қызы 12 қаңтарда суицид жасаған. Дәл сол күні Таразда тұратын тағы екі бала TikTok-тағы ойын кесірінен қайтыс болған.

«12-сі күні 13 жасар қызымнан айырылдым. Әйеліммен үйге келгенде қызымызды баспалдақта асылып тұрған күйінде таптық. Балалардың телефонын тексеріп тұрыңыздар, өтінемін. Мұның барлығы телефоннан екен. TikTok-та бір ойын бар, онда турлардан өтеді. Алдымен, ұстараның жүзімен тамырын кеседі, кейін асылып өледі», – дейді аудиожазбадағы ер адам.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі бұл ақпарат жалған екенін айтып отыр.


«Ақпарат расталған жоқ», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.