"TikTok-ты көп қараған баланың жадына нұқсан келуі мүмкін", - Психолог

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізге коронавирус тарап, оқушпылардың барлығы онлайн форматқа ауысқан кезде, балалардың әлеуметтік желіні жиі пайдаланғаны байқалған. Психологтар оның ішінде tiktok-ты ұзақ уақыт қарау, баланың жадына әсер ететінін айтады.

"Қазір үлкен де, кіші де TikTok қарайды. Бұнда жалт-жұлт ету, жыпылықтау өте көп. Видеоның тез ауысуы гипноз секілді әсер етеді. Бұндай манипулияциялық әдістерді жарнама жасаушылар қолданады. Мәселен, кішкентай балалар рекламаны қарағанды ұнатады гой, сол сияқты өзіне тартады. TikTok-тың жанры қысқа болғаннан кейін, бала бұнымен көбірек әуестенсе, жадына әсер етеді. Баланың жады қысқа мерзімді болып қалуы мүмкін. Ұзақ нәрсені қабылдай алмайды, тіпті 4-5 минуттық бейнежазбаның өзін соңына дейін шыдап көре алмай қалады," — дейді М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының психологы Әсемгүл Музеева.

depositphotos

Маман аталған желінің пайдалы тұсының да көп екенін айтты. Мәселен, мұғалімдердің өзі түрлі функцияларын қолдана отырып, сабақты тартымды етіп өткізу үшін пайдаланады. Қысқа формулаларды, қызықты ақпараттарды қысқа әрі нұсқа түрінде жеткізуге болады.


Сондай-ақ маман қазір бала түгілі үлкендердің өзі шыдамсыз, бір нәрсені ұзақ күте алмайтынын айтады. Себебі технология дамыған сайын ол адамның жадына әсер етеді екен.

Сондықтан психолог ата-аналар баланың ұзақ уақыт әлеуметтік желіні қарауына рұқсат етпеу керектігін айтады. Қандай нәрсенің де өзінің шектеуі бар.

Себебі соңғы уақытта балалардың әлеуметтік желіге қызығушылығы күшейген. Сауалнаманың нәтижесі көрсеткендей, "олардың көпшілігі вайн түсіргенді ұнатады" дейді маман.