Кеше жолға шыққан тауыстары, оның денесін бүгін таңда Байзақ ауданындағы үйіне әкеп отыр. Марқұм кәсіби ұшқыш, мамандығын жанындай жақсы көрген деседі. Оның үлкен баласы да әке жолымен әуе кеңістігін бағындыруда. Ал, кенже ұлы қазір мектепте оқып жатыр. Ұшқыштың мезгілсіз қазасы отбасын ғана емес, жора-жолдастары мен әріптестерінің де қабырғасын қайыстырды. Ертең жақындары Виталий Кондрактюкті соңғы сапарға шығарып салады.
Борис Кошелев, көршісі:
- Ол екі баласын аяққа тұрғызды. Інісіне де жәрдем беріп, әке орнына әке болды. Бұл отбасында бірнеше ұшқыш бар. Бәрі мемлекетке қызмет етуде. Сондай адамнан айырылғанымызға жүрегім қан жылап тұр.
Loading...