"Егер 2006 жылы жалпы алғанда тілдерді дамытуға 0,5 млн астам теңге бөлінсе, биыл бұл бап бойынша бюджет шығындары 1 млрд 900 млн теңгеден асты. Біз бұдан былай да осы салаға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайта түсеміз", - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.
Ол өз тапсырмасымен ""Тілдердің үштұғырлылығы" атта мәдени бағдарламаның жүзеге асырыла бастағанын, оның мақсаты - қазақстандықтардың жаппай үш тілді- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін тең меңгеруін қамтамасыз ету" екенін еске сала кетті. "Ассамблея тіл саясатын жүзеге асыруға белсене атсалысуға тиіс", - деді Н. Назарбаев.