”Тіл шықпаса мұрыннан қан шықпайды”: Алмат Сақатов жас әншіні соққыға жыққан Мұқасан Шахзадаев туралы

Бұл туралы ол Qazaq Airan YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Тіл шықпаса мұрыннан қан шықпайды. Нұрланмен бірге ән айтып жүрген әнші баланы танимын. Өте мәдениетті, биязы бала. Бірақ ол жерде әй жоқ, шәй жоқ төбелес болуы да мүмкін емес. Мен ол жерде болған жоқпын, сондықтан ол жерде кімнің ұрғанын білмеймін. Ол баланың да “Мұқасанның өзі келіп мені ұрды” деген сөз де жоқ. Олар сол жерде 2-3 адам болған. Таңертеңнен кешке дейін оны ұрып соққан жоқ. Ол жерде 4-5 жақсы соққы болған, сонымен болды”, - деді актер.