«Қарағанды облысы - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Мемлекеттік бағдарлама жобасын таныстырып отырған алғашқы аймақ. Алдағы уақытта осындай қоғамдық тыңдаулар барлық аймақтарда өткізілетін болады», - деп атап өтті ҚР Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманәлиева.
Кездесуге сондай-ақ ҚР мәдениет министрлігінің Тілдер комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров қатысты. Талқылауға Үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, ЖОО-дың ректорлары қатысты. Қоғам тарапынан айтылған барлық ұсыныстар мен ескертулер мемлекеттің бағдарламаның нақты нұсқасында ескерілетін болады, дейді мәдениет министрлігінің өкілдері.