Caravan Logo

"Тілеп, күтіп жүргендерге жұғысты болсын": Дина Төреәлі екінші сәбиін бауырына басты

"Тілеп, күтіп жүргендерге жұғысты болсын": Дина Төреәлі екінші сәбиін бауырына басты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қуанышты жаңалығымен Дина Төреәлі өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

"Қош келдің өмірге балапаным. Көп күттірмей Аллам тағы да ата-ана атануды нәсіп етіпті. Тілеп, күтіп жүрген барша жанға жұғысты болсын! 

Құттықтауларыңызды қабылдаймыз. Көп тілеуі қабыл балапанымызға жақсы тілектеріңізді жаза кетіңіздер", - деп жазды ол.