Тілеуімді тілеп қойыңыздар, Аллаға тапсырдым - Дана Нұржігіт күтпеген жаңалығымен бөлісті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Тележүргізуші өз жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті.

"Жасың құтты болсын,оқырманым! Отпан таудың басынан ұшқын алған жүрек-жалыны сөнбесін! Бар бастамаң жемісті болсын,жақсыларым!  Олай болса, мен де тәукел етіп,амал жасадым:

Кітабымды баспаға тапсырдым. Тағдыры сәтті болсын деп Аллаға тапсырдым! Тілеуімді тілеп қойыңыздар", - деп жазды ол.