Тілеухан Қабдырахманов Қазақстанның Литва және Финляндиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды


АСТАНА. 16-қазан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Тілеухан Қабдырахманов Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.