Тілсіз жау екі сәбидің өмірін жалмады

Қызыл жалын мына көппәтерлі үйдің үшінші қабатынан шықты. Түтін иісін алдымен көршілері байқап, дабыл қағыпты. Бірақ өрт сөндірушілер жетем дегенше, бүлдіршіндер  тұншығып өлген. Ата-анасы жақын маңдағы шаштаразда істейді екен. Ал  жұмысқа кетерде балаларын жалғыз қалдырып  есікті  сыртынан құлыптап кеткен.


Вадим Хасанов, көршісі :

–Түтін иісін сезіп, бірден коопертив төрағасына бардым. Сөйтсек, пәтер жалға берілген екен. Балалардың анасын тауып алдым. Ол үйге жүгіріп кіріп сұлап жатқан 1 баласын сыртқа алып шықты. Бірақ бәрі кеш еді. Екінші сәбиін де тірі алып қала алмадық.