Тимур Бекмамбетов әзірге Қазақстанда заманауи және өзекті кино түсіруге мүмкіндік жоқ екендігін мойындайды

«Өкінішке қарай, қазір Қазақстанда ең заманауи ең өзекті кинолар түсіруге мүмкіндік болмай отыр. Өйткені ол үшін елде киноиндустриясын өркендету керек, - деп мәлімдеді Бекмамбетов кеше бірінші «ASTANA» экшн-фильмдер Халықаралық фестивалінің ашылуына арналып өткізілген баспасөз мәслихатында.

«Мен ылғи да бір күн немесе бір аптаға қалайда Қазақстанға келіп, бір нәрсе істеуге үнемі уақыт табамын. Біздің алдағы жобамызда «Қазақфильммен» бірлесіп, «Алтын жауынгер» фильмін түсіру жоспарлануда. Қазір соған дайындық жұмыстарын жүргізіп, таяу уақыттарда түсірудің қам-қарекетін жасаудамыз. Ал Қазақстанда жүйелі түрде кино түсіру мәселесі туралы әзірге ештеңе айта алмаймын», - деді атақты кинорежиссер Тимур Бекмамбетов.