Банкир қожайындары алыс сапарға аттанған қос ит хан сарайындай зәулім үйде өздері ғана қалады. Тоңазытқыштан қалаған тамағын алып жеп, қаннен-қаперсіз жүрген. Алайда сондай алаңсыз күндердің бірінде үйге ұрылар түседі.
Үйді тып-типыл тонамақ болған сұғанақтарға Пират пен Йоко сол түні-ақ көресіні көрсетеді. Бірі оңдырмай қапса, енді бірі табалдырықтан қуып шығуға әрекет етеді. Иттерден әбден қорлық көрген ұрылар ақыры арам ойларын іске асыра алмайды.
-Все, накрылся дом банкирши!
-Да ничего не накрылось!
-Дома только собаки, правильно?
- Нужно поймать их и все!
Бірақ сейфтегі миллиондарға көзі түскен ұрылар банкирдің үйін тонауға қайта жоспар құрады. Енді қарумен келіп, ақылды иттердің сазайын тартқызбақ. Сөйтіп, төртаяқты достар мен жолы болмаған ұрылардың қырқысы қайта басталады.
Андрей Мерзликин, актер:
-Құрметті КТК көрермендері! Қызықты кинодан құр қалмаңыздар! Комедияны тамашалап, көңіл-күйлеріңізді бір серпілтіп алыңыз. Фильм сізге ұнайды деп уәде беремін!
Киноға Ресейдің кілең атақты әртістері түскен. Ал продюсері әйгілі режиссер Тимур Бекмамбетовтың өзі. Ендеше, туындының да теңдессіз екені сөзсіз.Күлкіге қарық боламын десеңіз, ертеңнен бастап кинотеатрларға асығыңыз. Фильмді «Sony», «Disney» және «Базелевс» студияларының ресми дистрибьюторы «Меломан» компаниясы ұсынып отыр.
Loading...