Басылымның бағалауынша, инвесторлар «Бен Гурге» шамамен 120 миллион доллар шығындаған. Екінші орында Стивен Спилбергтің «Большой и добрый великан» фильмі тұр. Өзге де шығынға ұшыраған картиналар арасында Роберт Земекис түсірген «Союзники» де бар. «Картинаның желісі айрықша, бұл голливудтық фильм, басты түйіні - жауыңды кешіру. Алайда, бұл идеяны қазіргі халық түсіне де қабылдай да алмайды», - деп түсіндірді Бекмамбетов РИА Новостиге берген сұхбатында. «Бен Гур» картинасы Лью Уоллестің осы аттас романына негізделген. Иудея ханзадасы Бен Гур досының сатқындығынан римдік абақтыға тап болады. Сол уақытта Иудеяда Иса пайғамбар өз дінін насихаттады. Роман 1959 жылы сәтті экрандалды, басты рөлде Чарлтон Хестон ойнаған бұл фильм 11 «Оскарды» иеленген.