«Сіздер (Ұлттық банк – ИФ-Қ) елдегі бүкіл ұзақ өтемділікті жинақтадыңыздар. Сіздерде біртұтас жинақтаушы зейнетақы қоры және Ұлттық қор – бүкіл өтемділік сіздердің қолдарыңызда. Кешіріңіздер, біз өтемділікті Ұлттық банктен алмағанда, қайдан аламыз?!», - деп Т. Құлыбаев бүгін кәсіпкерлер форумында Ұлттық банк басқарма төрағасының орынбасары Қуат Қожахметовке сөз арнады.
«Біз әриен, Ұлттық банк қалай жұмыс істейті туралы ұзақ тыңдап отыра аламыз. Қала әкімі мен кәсіпкерлер сауда өтемділігі туралы сұрақ қояды. Ұлттық банк өтемділік пайда болуы үшін қандай да бір амалдар қабылдай ала ма? Сұрақтың екінші бөлігі – несиелеу мөлшерлемесі. Ұлттық банк қандай да бір шаралар қабылдай ала ма?», - дейді ҰКП басшысы.
Т. Құлыбаев Ұлттық банкке нарықпен тікелей байланыс болу үшін палатаны алаң ретінде пайдалануды ұсынды .
«Біз осы мәселелерді бізбе бірлесіп шешу үшін сіздерді диалогқа шақырамыз», - деп ол сөзін түйіндеді.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары отандық бизнесті қолдауға дайын екенін білдірді.