Бұл шешімді бүгін Астанада Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бірінші съезіне қатысушылар бірауыздан мақұлдады.
«Бүгінгі таңда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алға қойып отырған Қазақстан бизнесін шоғырландыру, Қазақстан бизнесінің мүддесін қорғау міндеті толық орындалуда. Тоғыз ай ішіндегі бірлескен жұмысымыз табысты болды деп есептейміз және мұны жалғастыра береміз», - деп Т.Құлыбаев съезде сөйлеген сөзінде атап көрсетті.