Ол Instagram желісінде оқырманның "Енді ән айтпайсыз ба?" деген сауалына жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Жоқ, ең қызығы, тіпті тыңдамаймын. Жалпы маған қиын болады деп ойлағанмын. Керісінше, Алла маған жеңілдетіп қойды. Өзіммен өзім түк қиналмай музыкадан алшықтап кеттім. Алла ұлық, ниетіңе қарай, бір секундта адамның жағдайын өзгерте салады", - деп жауап берді ол.