Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Былай қарасаң тістерім әп-әдемі. Кішкентайымнан әлсіз бірақ(. Астынан тез бұзылады. Әлі алысып келем.
Бала күнімде стоматологтың дызылдататын анау жәмән темірінен қатты шошып қалғам, кейін бармай қойдым. Бірақ тура жұлып тастайтын кезде баратын болуым керек, әйтеу барған сайын стоматологтар қысқыштарын алып жұлып жататын))). Оның орнына алтыннан коронка қойып қойған ғой еще. 5 тіс қатар. Мода еді ғой о кезде.
Сауы алдыңғы тістер еді, кейін снимок жасап жатып тіс дәрігерім оның да бұзылғанын айтты. Сөйтіп оны жасатқан соң араларында тесіктер қалды. Сосын дәрігер “коронкадан гөрі винир деген шықты, соны қояйық” деді. Келістім.
Бірақ ол декоративный тіс екен. Рахаттанып сүйек мүжи алмайсың))), жаңғақ шаға алмайсың.
Былтыр Дубайда байқамай қатты бірдеңе жеп қойсам керек, бір қарасам алдыңғы бір тіс жоқ қой))). Түнгі 2-де. Кафеде. Дубайда.
Ал шуылдап кеп іздейміз ана тісті. Қымбатынан бұрын о бәле ұзааақ дайындалады, тура алдыңғы тіссіз қалай жүрем? Фотосессия ше?
Іздемеген жер қалмады. Тіс жоқ бірақ. Сөйтсе күйеуімнің аяқ киімінің табанына жабысып қалыпты. Паспортпен қатар сақтап алып келгенсің ғой.
Екінші қызықты айт. Былтыр карантинде үйімнің қасына 2-3 блок пост қойылып, не қалаға, не ауылға шыға алмадық емес пе. Рахаттанып лепешка жеп отырған едім.
Бір уақытта аузымда бірдеңе салдыр етті де, ішке қарай зу етті. Ма-мааа, манағы 5 коронка жоқ қо, ішке зууу еткен.
Жалма-жан стоматологқа звондадым. “Металын білу керек. Зиянды, зиянсыз зат бар ма екен… зиянды зат болса білмейм енді… а так естественный жолмен келер. Тауып әкелерсің” демесі бар емес пе. Жұбатты дедім. Күйеуімнің табанындағы тісті қайта салғаным жетер! еще… бағып отырсам әжетхананы).
Бірақ жан тәтті екен. Түнімен іштегі тістің уы тарап өліп қалатындай боп… күйеуіме каспий голдтың паролін айтсам ба деп)))).
Жоқ, шүкір, бәрі жақсы болды. Блок пост ашылып, жаңа тістер салынды. Паролімді айтпағаным дұрыс бопты десең.
Бірақ сары, қара болса да, Өзіңнің тісіңе ештеңе жетпейді. Рональдоның тісі өмірден сіздің тістей кайф алмайд. Зуб даю! Ойбай, есі дұрыс зуб та жоқ екен ғой", - деп жазды ол.
Көпшілік оқырман, белгілі тележүргізуші, бүгінде кәсіпкер Жанат Бақыттың қарапайымдылығы мен шынайылығына сүйсінді.