Тісін жұлғаннан кейін комаға түскен 5 жасар бала көз жұмды

Агенттікке оқиға туралы РФ ТК тергеу басқармасының өкілі Елена Лебедева айтып берді.

«Бала кеше көз жұмды. Бұрын қозғалған іс жалғасып жатыр», - деді Лебедева.

Тергеу комитетінің деректеріне қарағанда, Томск облысының бір ауданында әжесі немересінің тісін жұлғызу үшін стоматологияға алып келген. Сəби қатты қарсылық танытқаннан кейін дәрігерлер, оған наркоз салып тісін жұлмақ болған. Бала наркоздан кейін комаға түскен.

Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.