ТиссенКрупп Қазақстанға теміржол транспортына арнап бөлшектер кешені өндірісін құруға қолдау көрсетпекші

"Қазақстан темір жолы" компаниясымен бірлесіп клеммалардан бастап шпалдар мен шойын жолдарға дейін осындай өнімдерді кең көлемді өндіру мүмкіндігі талқылануда",- деді ол.

Қ.Келімбетовтың айтуынша, "компания сонымен бірге жоғары жылдамдықты темір жол салу жөнінде де қызғылықты ұсыныс жасап отыр". "ТиссенКрупп қазір Шанхайда жоғары жылдамдықты темір жол салуда. Ондағы жылдамдық сағатына 400-500 шақырымға жетеді. Алматы мен Астананың ортасында да осындай жол салу ұсынылып отыр. Әйтсе де қазір бұл мәселе талқыланып жатыр",- деді Қ.Келімбетов. Оның айтуынша, тараптар Қазақстан нарығындағы теміржол транспортына арналған бөлшектер кешеніне деген жақын 5 жылдағы сұранысты жан-жақты талдауға келісті.

Сонымен бірге қазақстандық өкілдер жуырда осы бағытта одан әрі келіссөздер жүргізу үшін Германияға бармақшы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті