Алайда, көпшілік оның әкесімен бірге, анасының да еңбегін елеп өткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Зарина Омарова желідегі парақшасында әкесіне арнап, жүрекжарды тілегін жеткізді.
"Ұлттық арнадағы «Мың бір түн» бағдарламасының ұжымына ерекше алғысымды білдіремін.
Эфирде бәрі сондай шынайы болды… Сағыныш та, қуаныш та, жүректен шыққан әңгімелер де қатар өріліп, ерекше әсерлі кешке айналды. Осындай әдемі эмоциялар мен естелік сыйлағандарыңыз үшін алғысым шексіз!", - деп жазды ол.
Алайда көпшілікті жазбаның өзі емес, оның астындағы пікір алаңдатқан. Онда әншінің анасы қызын өсіргенде қандай қиындықтарға тап болғанын жазған.
Айта кетейік, Зарина Омарова әнші Марат Омаров пен оның бірінші әйелінің қызы. Зарина Омарова көп жағдайда әкесі мен анасының жас күніндегі қызықтары мен жылыт естеліктерін көпшілікпен бөлісіп жүреді.