Бұл туралы ол “Taboo” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Өзге адамы барын Меккеге барғанда білдім. Оның алдын әзіл ретінде “екінші әйел аламын” деп айтатын. Бірақ оны шынайы айтпайтын. Ол тақырыпта бір-бірімізбен қалжыңдасатынбыз. Мен бір рет осы жайлы дұрыстап сұрағанмын. Қытайдан кетер алдын екеуміз отырып сөйлестік. “Жас қыз болу керек па, орамалда ма” деп сұрадым. “Мұндай сұрақты қойып жатсың” деп қатты ашуланып кетті. “Егер қатты алғым келсе аламын ғой” деді. “Жоқ, алмайсыз. Егер алатын болсаңыз мен кетіп қаламын” деген кезде бізде қатты ұрыс-керіс болып кетті”, - деді блогердің алғашқы әйелі.
Ильнура Ғалымова ұрыс-керістің соңы “тістерін түсіріп тастаумен” аяқталғанын айтты.
”Ұрыс-керіс басталып кетті. Қатты ұрып, сол сәтте тістерімді түсіріп тастады. Ол келесі күні Қытайға кетті, ол маған ақша беріп мен Ташкентке кеттім. Ташкентке барып сол тісімді жасаттым. Олар сол кезде жүріп жүргендіктен сондай ашуға барған”, - деді блогердің бірінші әйелі.