«Титаник» музыкасының авторы Д. Хорнер өз ұшағымен апатқа ұшырап, жанып кетті

Америкалық БАҚ деректеріне сүйенсек, бір моторлы S-312 Tucano ұшағы дүйсенбі таңертең Лос-Анджелстен солтүстік батысқа қарай 160 шақырым жерде Санта-Барбара қаласына жақын маңға құлаған. Ұшақ құлағаннан кейін бірден өртке оранған.

Алдын ала деректер бойынша композитор ұшақты өзі басқарған.

61 жастағы Джеймс Хорнер   100-ден аса көркем фильмге музыка жазған.  Оның ішінде: "Храброе сердце", "Аполлон 13", "Маска Зорро", "Аватар" және т.б.  "Титаник"  фильміне ән жазғаны үшін Хорнер екі  "Оскар" сыйлығын алған.