"Тізгіні оң жақтағы көліктерді енгізуге тыйым салу арқылы" Қазақстан халықаралық стандарттарға жақындай түседі



"Жапония мен Англияда тізгіні оң және сол жақтағы автокөліктер бірдей пайдаланыла береді деп жүр ғой. Бірақ біз бұны зерттеп көрдік, шындыққа мүлдем жанаспайды. Бұл елдердегі көліктердің тізгіні түгелдей "сол жағында". Тек ТМД елдерінде ғана тізгіні түрлі жақтарда орналасқан көліктерді міну тәжірибесі қалыптасқан. Менің пікірімше, Қазақстан бұл тұрғыда дүниежүзінде қабылданған стандарттардан қалыс қалмауға тиіс",- деді Ө.Түсімов.
Оның айтуынша, Қазақстанда тізгіні оң жағында орнатылған автокөліктердің саны арта түсуде. Тек қыркүйек айында республикада осындай 6 мың автокөлік тіркелді. Республикалық жол полициясы төрағасының хабарлауынша, мекемеаралық жұмыс тобы үкіметке тізгіні оң жақтағы автокөліктерді елге енгізу жөнінде заңнамаға түзетулер енгізуге нұсқау берген. Бірақ жол полициясының басшысының айтуынша, комиссия - тек консультативтік-кеңес органы, ақырғы шешімді үкімет шығаруға тиіс. "Біз бұл мәселені 2006-жылдың алғашқы жартысында қарау туралы ұсыныс жасадық",- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР ІІМ заңнамаға тізгіні оң жақта орналасқан автокөліктерді республикаға енгізуге тыйым салатын бірқатар түзетулер енгізуді ұсынған. Министрлік бірақ қазіргі қолданыстағы осындай көліктерді тозығы жеткенге дейін мінуге рұқсат берген жөн деп отыр.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті