Қазақстанға сапарлайтын туристер енді визаны онлайн форматта рәсімдей алады. Бұл тізімде әзірге 109 ел бар, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Аслан Аталықовтың айтуынша 80 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады.
«Қазір 1 айға дейінгі мерзімге туризм мақсатымен келетін шетелдіктер үшін ешқандай тіркеу түрі жоқ. Олардың келгені туралы қабылдаушы тұлғалар ғана хабарлауы тиіс», - деді ол.