ТМД алдында жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру саласындағы ынтымақтастықтың лайықты тәсілдері мен түрлерін ойлап табу міндеті тұр -ҚР СІМ

Министрдің айтуынша, осыған байланысты Қазақстан "ТМД елдері мемлекет басшылары кеңесінің күн тәртібіне Достастықты жаңалау және жетілдіру мәселесін шығаруды ұсынып отыр". Қ.Тоқаевтың айтуынша, "ұсыныстың мәні - ұйымды жаңаша жағдайға бейімдеуге" саяды. ҚР СІМ соңғы уақытта Мәскеуде, Ташкентте және Бесланда болған қайғылы оқиғалар "лаңкестік секілді қатерлі құбылыстың нағыз соғыс сипатына ден қойғанын көрсетіп берді" деп атап көрсетті.

Қ.Тоқаев ТМД елдері сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында бұл тақырып бойынша пікірталасты бастамауды сұрады, өйткені, бұл - ертеңгі мемлекет басшылары бас қосуының күн тәртібіндегі мәселе.