"Бүгін біз отырыста қарайтын өте маңызды мәселе - бұл шекаралық арнайы шаралар. Ең алдымен, біз ТМД алты мемлекетінің - Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның қатысуымен Орталық Азия аймағында басталатын арнайы шараларды талқылаймыз",- деді А. Манилов.
"Іс-шараларды жүргізу мерзімін белгілі себептерге байланысты айта алмаймын, ал өткізілетін орны қатысатын мемлекеттердің барлық аумағында, шараларды өткізу мақсаты - ең алдымен контрабандашылардың заңсыз әрекеттерінің, шекара арқылы есірткінің, мигранттардың заңсыз өтуінің алдын алу; трансшекаралық қылмыстық әрекеттермен айналысатын тұлғаларды анықтау",-деп түсіндірді А. Манилов.
Оның айтуынша, "жүргізілетін шаралардың мәні белгілі бір уақытта белгілі бір қосымша шаралар қабылдаумен қорытындыланады". "Яғни "Х" сағатында алты елдің шекарасында бір уақытта әртүрлі жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі, іс-шараның бірнеше кезеңі болады, оның нәтижесі аяқталғаннан кейін ақпарат бұқараға кеңінен жеткізіледі деп ойлаймын", деп қорытындылады А. Манилов.
"Аталмыш арнайы шараға сондай-ақ ТМД-ға мүше басқа да елдер тартылады, бірақ олар Орталық Азия аймағындағы жалпы шараларды өткізуге көмекші ретінде қатысады",- деп қосты ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті