Оқу-жаттығулар ТМД-ға қатысушы елдердің қауіпсіздік және арнаулы қызметтерінің жетекшілері кеңесінің 17-отырысының шешімі мен ТМД-ға қатысушы елдердің аумағында лаңкестікке қарсы бірлескен шаралар ды ұйымдастырып өткізу тәртіптері туралы ережеге сәйкес өткізіледі.
Оқу-жаттығулар барысында теңіз инфрақұрылымы нысандарында жасалуы мүмкін диверсиялық - лаңкестік әрекеттердің алдын алу және кепілге алынған адамдарды босатуға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды тәжірибе жүзінде пысықтау жоспарланған.
Оқу-жаттығуларға Қазақстан, Ресей және Украинаның арнаулы қызметтерінің өкілдері қатысады. Қазақстан атынан оған ҰҚК Шекара қызметі, Маңғыстау облыстық ішкі істер және төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті, ІІМ-нің ішкі әскерлері комитетінің бөлімшелері қатысады.
Оқу-жаттығуларға бақылаушы ретінде ТМД арнаулы қызметтері мен атқарушы органдарының жетекшілері, аймақтық антитеррорлық құрылымдар мен алыс шетелдердің қауіпсіздік органдарының өкілдері шақырылған.