ТМД ақпараттық маркетингтік орталығын құру жөніндегі құжаттарды 2008 жылдың наурыз айында дайындау жоспарланған

"2008 жылдың наурызына дейін ТМД елдері қатысушыларының мемлекетаралық ақпараттық -маркетинг орталығын құрып, жұмысын ұйымдастыратын құқықтық құжаттар дайындалуы керек"- делінген отырыстың қорытынды құжатында.

Үйлестіру кеңес і, сондай-ақ, ТМД экономикалық кеңесінің, мемлекетаралық ақпараттық-маркетингтік орталықтарын үйлестіру мен дамытуды қамтамасыз ететін ынтымақтастық кеңес органын құру жөніндегі ұсынысын қолдады.

Тауарлар мен қызмет түрлерін ТМД-ға қатысушы елдердің ұлттық нарықтарында өткізу үшін ақпараттық маркетингтік орталықтар жүйесін құру жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі 2008 жылға дейін ұзартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті