ТМД арнайы қызметтері лаңкестердің «ұйқыдағы ұяшықтарын» жоюға кіріседі

Бұл туралы Мәскеуде аяқталған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік және арнайы қызметтер органдары басшылары кеңесінің 39-шы отырысының қорытындысы бойынша ФҚҚ баспасөз қызметінде мәлім етілді, деп хабарлады eadaily.com.

«Достастық мемлекеттерінің қауіпсіздік және арнайы қызмет органдары алдағы уақытта ұйқыдағы террорлық ұяшықтарды тауып, оларды жоюға, сондай-ақ біздің елдерден азаматтардың шетелге интернационалдық бандиттік топ аймағына өтуін ұйымдастырушылардың жұмысын тоқтатуға ден қоюға ниетті», - деп атап өтті ФҚҚ.

Сондай-ақ отырыс барысында Сирия мен Ауғанстанға бару үшін идеологиялық және диверсиялық-террорлық дайындықтан өткен тұлғаларды анықтау саласында ынтымақтастық  тетіктерін жетілдіру жолы айқындалды.


Мәскеуде аяқталған Жедел ден қою арнайы жасағының 39-шы отырысы жұмысына бақылаушылар ретінде Германия, Италия, Испания және Франция арнайы қызметтерінің делегациялары қатысты.