ТМД арнайы қызметтерінің басшылары Санкт-Петербургте лаңкестікпен күрес мәселесін талқылайды

Кеңес барысында лаңкестікке қарсы күресте өзара ынтымақтастықты жетілдіру жөнінде нұсқаулар қабылдау көзделген. Отырысқа Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры Николай Патрушев төрағалық жасайды. Кеңес аясында Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік органдары басшыларының жиналысы өтеді деп күтілуде.

Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына қазір Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлкеттері мүше.