Әзербайжан СІМ ақпаратына сүйенсек, сапар мақсаты - ТМД аясындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылау болып табылады. Сергей Лебедевтің сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафовпен кездесуі барысында алдағы 28 наурызда Мәскеуде болатын ТМД сыртқы істер министрлерінің отырысының және 23 мамырда Минскіде болатын ТМД үкімет басшыларының отырысының күн тәртібіне қатысты мәселелер талқыланды.
Сонымен бірге, тараптар 2007 жылдың 5 қазанында Душанбеде өткен ТМД елдерінің саммитінде қабылданған шешімдерді жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
"С. Лебедев ТМД қызметін тиімді ету үшін тиісті шараларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Өз кезегінде Х. Халафов ТМД аясындағы ынтымақтастықты кеңейту маңыздылығын атады. Ол, сондай-ақ, экономикалық байланыстарды тереңдетуге жақсы мүмкіндіктердің бар екенін айтты", - деп атап көрсетілген СІМ хабарламасында.
Сапар аясында С. Лебедевтің Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесуі болып өтті. Онда қазіргі жағдай және ТМД аясындағы ынтымақтастықты дамыту болашағы бойынша пікір алмасылды.