ТМД аясында ақпараттық-талдамалық департамент құрылады

"Бүгінде ТМД аясында талдау жұмыстарына қатысты мәселенің өзектілігі артты. Сол себепті Атқрау комитетінің құрамында жаңа ақпараттық-талдамалық департамент құру ұсынылып отыр", - деді О. Иванов.

Сонымен бірге отырыста салалық ынтымақтастық органдарын оңтайландыру мәселелері талқыланды.

"Өткен отырыстарда ТМД-ға қатысушы елдердің ұлттық үйлестірушілері мен төрағалық туралы ережелердің жобалары келісілген. Достастықтың жоғарғы органдарының процедуралары ережелерінің жаңа редакциясына қатысты жұмыстар аяқталды. Олардың бәрі де 10 қазанда Бішкекте өтетін мемлекет басшылары кеңесінің қарауына ұсынылады", - деді О. Иванов.