ТМД аясында пайдаланылмайтын 13 млн гектар егіндік жерлерде ауылшаруашылығы өнімдерін өсіруге болады - БҰҰ

Баяндамаға сәйкес, ТМД елдерінде кейінгі жылдары 23 млн егіндік жер өндіріс аясынан шығарылған. Мамандардың пайымдауынша, кем дегенде соның 13 млн гектар жерін қандайбір күрделі экологиялық шығынсыз ауылшаруашылығы өнімдерін өсіруге пайдалануға болады.

Баяндамада атап көрсетілгеніндей, бүгінгі күні дүниежүзінде ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру мақсатында оған жарамды аумақтың небәрі үштен бір бөлігі ғана пайдаланылуда. Бұл құрлықтың шамамен 11%-ына (1,5 млрд гектар) тең.

Баяндамада атап көрсетілгеніндей, жер бетінде 2,7 млрд гектарға жуық жерді ауылшаруашылығы мақсатында пайдалануға болады. Оның басым бөлігі Африка (Сахарадан оңтүстікке қарай) және Латын Америкасы елдерінде. БҰҰ сарапшыларның пайымдауынша, өңделетін жерлердің аумағын кеңейту әлемдегі кедейлікпен күреске және көптеген елдердің дамуына септігін тигізеді. Айталық, Африка халқының 70% ауылшаруашылығының есебінен күн кешуде.