Сол күні миссия жетекшісі, ТМД Атқару комитетінің төрағасы - атқарушы хатшы Сергей Лебедев Беларусь Республикасының Орталық сайлау және республикалық референдумдар өткізу жөніндегі комиссиясының төрайымы Лидия Ермошинамен кездесті. Кездесуде ТМД байқаушыларының парламент сайлауындағы жұмысын ұйымдастыруға қатысты мәселелер талқыланды.
Беларусь еліндегі парламент сайлауына байқаушылық жасау миссиясының құрамында 300 -ден астам адам бар.