ТМД бақылаушыларының бағалауы бойынша, Қазақстандағы сайлау науқаны жалпы "мүлтіксіз өтуде" - Орталық сайлау комиссиясының басшысы

"Кеше ТМД миссиясы № 2 аралық есебін таратты... Миссия мониторингте сайлау алдындағы насихат жұмыстарын жүргізуге, сайлау процессіндегі заң бұзушылықтарға байланысты шағымдар мен өтініштердің қаралын талдауға баса назар аударды",- деді Қуандық Тұрғанқұлов. "ТМД бақылаушыларының бағалауы бойынша, Қазақстандағы сайлау науқаны жалпы мүлтіксіз өтуде. Бақылаушылар республикадағы барлық саяси партиялар үшін сайлау алдындағы насихат жұмыстарын жүргізуге бірдей жағдай жасауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларға оң қабақ танытып отыр",- деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Қуандық Тұрғанқұлов "байқаушылар сайлау алдындағы насихатты жүргізуге байланысты бірқатар заң бұзушылықтар мен сайлау науқанын ұйымдастыруда орын алған кейбір олқылықтарға назар аударып отыр", деп атап көрсетті.

"Қазіргі уақытта біз бақылаушылар анықтаған заң бұзушылықтарды жою мүмкіндіктеріне қатысты, сонымен қатар сайлау процессін ұйымдастырудағы проблемаларды шешу үшін есепті зерделеп жатырмыз",- деп қорытындылады Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті