ТМД бақылаушыларының миссиясы Қазақстандағы сайлауды еркін және ашық деп таныды

"ТМД халықаралық бақылаушыларының айтуынша, 2007 жылдың 18-тамызында өткен парламент мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау мемлекеттегі қазіргі қолданыстағы сайлау заңнамасына, демократиялық сайлауды ұйымдастыру және өткізугедің жаппай мойындалған көзқарастарына сай келеді, сайлауды еркін және ашық деп таниды",- деді бүгін Астанада миссия басшысы - ТМД атқарушы хатшысы Владимир Рушайло өз мәлімдемесінде.

ТМД бақылаушыларының пайымдауынша, "осы сайлау қоғам өмірінің одан әрі демократизациялануының маңызды факторы болатын елдегі жүріп жатқан саяси реформаның жалғасы бола отырып, мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрінісі болды". Достастықтың сарапшылары "ТМД бақылаушылары миссияларының қорытындысы мен бағасын бөлісетін басқа да халықаралық бақылаушыларға осы мәлімдемеге қосылуға ұсыныс жасады", деді В. Рушайло.

Ол, ТМД бақылаушылар миссиясы дауыс беру процессі мен сайлаушылардың берген дауысын санауды есептеуге бақылау жасауды Қазақстанның 14 облысында, Алматы және Астана қалаларында, сонымен қатар шетелдегі бес сайлау учаскесінде жүргізген. "Мониторингтің барлық кезеңінде ТМД бақылаушылары 5949 сайлау учаскесіне барған, бұл жалпы сайлау учаскесінің 61 пайызын құрайды", - деп атап өтті В. Рушайло.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті