ТМД бойынша өндірілетін электр қуатының ең төменгі өзіндік құны Қырғызстанда тіркелген

"Қырғызстанда ТМД-да өндірілетін электр қуатының ең төменгі өзіндік құны қалыптасқан. Ол кВт/сағатқа 3 тиын", - деді Ж. Төлебердиев.

Оның айтуынша, ГЭС-те елдің бүкіл қуатының 95 пайызы, ал қалған 5 пайыз ТЭЦ-те өндіріледі. ЖЭО-да өндірілген энергияның өзіндік құны 120 тиын.

"Шетелдік инвесторлардың қолына мұндай өндірісті беру қажет пе? Салыстыру үшін айтар болсақ, Өзбекстанда бүкіл өндірілетін электр қуатының 92 пайызы ЖЭО-да өндіріледі және оның өзіндік құны Қырғызстандағыдан әлдеқайда жоғары", - деді ол сондай-ақ.

Ж. Төлебердиевтің айтуынша, елдің энергетика саласының барлық мәселесі электр көлемінің 52 пайызы тұтынушылардың ақша төлемеуінен болып тұр.

36 сом = 1 $