ТМД Атқару комитетінен хабарлағанындай, экономикалық кеңес отырысының күн тәртібіне 13 мәселе шығарылады. Онда талқыланатын басты мәселелердің бірі халықаралық лизингіні дамыту болмақ. Бұл мәселе аясында ТМД шеңберінде лизингтік қызмет түрлерін көбейтуге қолайлы экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау туралы келісім жобасы қаралады.
Бұл келісімнің басты мақсаты - халықаралық тәжірибе мен Достатық елдерінде жинақталған тәжірибені ескеру негізінде лизингтік операцияларды пайдалану аясын кеңейтуге қолайлы мүмкіндіктер тұғызу болып табылады. Бұл құжатты жүзеге асыру ТМД-ға қатысушы елдердің осы саладағы ынтымақтастығын мейлінше жандындыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар отырыста ТМД-ға қатысушы елдерде ауылшаруашылығы техникасы, машиналар мен механизмдерді лизингіге алу үрдісін дамыту тұжырымдамасының жобасы талқыланады.
Атқару комитетінің түсініктемесіне сәйкес, тұжырымдаманың мақсаты түрлі лизингтік операцияларды пайдалану негізінде ТМД елдеріне ауылшаруашылығына арналған техникалар сату аясын кеңейту болмақ. ТМД елдерінің тиісті органдарына лизингіге қажетті жағдайлар мен техника сапасының сараптамасын унификациялау жөніндегі құжаттар жобасы мен нұсқауларды әзірлеу үшін ТМД аясында арнаулы сарапшылар тобын жасақтау көзделіп отыр.
Сондай-ақ, отырыс барысында ТМД экономикалық кеңесінің мүшелері Одақ аясында көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастыққа кері әсер етіп отырған кейбір түйткілдерді шешу туралы ТМД Атқару комитеті тарапынан әзірленген ақпаратты талқылайды. Комитет мәліметіне сәйкес, бұл ақпаратта сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы, өзара ынтымақтастықтың құқықтық-нормативтік базасын нығайту, ТМД салалық органдарының іс-қызметі, ТМД аясындағы интеграциялық процестерге екпін беруге қатысты мәліметтер бар.