Кездесуге Әзербайжан, Грузия, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украинаның электр энергетикасын басқарушы органдарының бірінші басшылары - уәкілетті өкілдері қатысты,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі.
Жиынға қатысушылар ТМД елдерінің энергетикалық бірлестіктері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға байланысты бірқатар мәселелерді талқылады. Атап айтсақ, отырыстың күн тәртібінде ТМД энергетикалық жүйесінің 2004-2005-жылғы күз-қыс маусымындағы жұмысы қорытындыланып, ТМД-ға қатысушы елдердің электр қуаты саласындағы 2020-жылға дейінгі ынтымақтастық және ықпалдастық стратегиясының жобасы талқыланды.
ТМД электрэнергетикалық кеңесі электр энергетикасы саласында Достастық елдерінің мемлекетаралық қарым-қатынастарын үйлестіру туралы ТМД үкімет басшылары 1992-жылдың 14-ақпанында қол қойған келісімге сәйкес құрылған. Кеңестің басты мақсаты - біріккен электр энергетикасы жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі негізінде мемлекеттерді электр қуатымен сенімді әрі тұрақты қамтамасыз ету бағытында өзара үйлесімді іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
ТМД электрэнергетикалық кеңесіне Әзербайжан, Грузия, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украинаның электр энергетикасын басқарушы органдарының бірінші басшылары енеді.